Куки файлы
Әртүрлі модельдер, дизайн және технологиялар, спорттық демеушілік, оқиғалар және Hyundai жаңалықтары туралы біліңіз. Өз еліңіздегі Hyundai туралы ақпаратты көбірек алу үшін жергілікті веб-сайтқа кіріңіз.
Куки файлы
I30 универсалы 6-сатылы автоматты беріліс қорабымен және 1.5 литр үнемді аз литражды бензин қозғалтқышымен жиынтықталады. Қозғалтқыш өз класындағы үздік динамикалық сипаттамаларға ие және барлық экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Бәріміз жақсы көретін жандарымыз үшін ең жақсысын қалаймыз. Бұл бейілділік әркімге қамқорлық жасайтын Hyundai i30 автокөлігін әзірлеуге әкелді.
Көлемі 602 литр сыйымды жүк бөлімі, оны артқы орындықтарды бүктеу арқылы 1650 литрге дейін арттыруға болады. Бұл i30-ды отбасылық серуендеу, демалу немесе іссапарлар кезінде тамаша серіктес етеді. Күніңіз қаншалықты ауыр өтсе де, i30 Сізге жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Төмендетілген шанағы мен сенімді қозғалтқышының арқасында i30 өнімділігі мен басқарылушылығы оның дизайны сияқты әсерлі.
і30 дизайны Сіздің стиліңізді баса көрсетеді және өз-өзіңізді таныту үшін көптеген мүмкіндіктер сыйлайды.
i30 кең салоны өміріңізде қажет болуы мүмкін барлық нәрсені: жұмысты, ойын-сауықты және олардың арасындағы барлық нәрсені сиятындай етіп жобаланған.
* Бұл ақпарат жариялау сәтінде дұрыс болып табылады. Алайда, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы өнімді үздіксіз жетілдіру және жақсарту саясатын ұстанатындықтан, ол осы жарияланымда сипатталған модельдердің ерекшеліктерін, түстерін және жиынтықталым элементтерін кез келген уақытта қосымша ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Модельдердің түстері мен жиынтықталымдарының үйлесімі олар нақты болған жағдайда қолжетімді. Өзекті ақпарат алу үшін Hyundai ресми дилерлік орталықтарына хабарласыңыз.
Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.