Куки файлы
Әртүрлі модельдер, дизайн және технологиялар, спорттық демеушілік, оқиғалар және Hyundai жаңалықтары туралы біліңіз. Өз еліңіздегі Hyundai туралы ақпаратты көбірек алу үшін жергілікті веб-сайтқа кіріңіз.
HYUNDAI (Хёндэ) маркалы автомобильдер бүкіл әлемге танымал. Бүгінгі таңда HYUNDAI MOTOR COMPANY Оңтүстік Кореядағы ең ірі автомобиль компаниясы болып табылады, сату көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие және ең танымал брендтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы HYUNDAI тарихы сонау 2003 жылы басталды. Сол кезде «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін және Қазақстан Республикасындағы HYUNDAI ресми дистрибьюторы болып табылатын «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС компаниясы құрылды. Дистрибьютор ретінде «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС республикадағы HYUNDAI Дилерлік желісінің дамуына жауап береді.
Осы жылдар ішінде HYUNDAI Дилерлік желісі өсті және онымен бірге брендтің танымалдығы артты. HYUNDAI автомобильдері қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды және соның салдарынан көптеген жылдар бойы HYUNDAI Қазақстан Республикасындағы ең көп сатылатын брендтердің үштігіне кіреді.
Бүгінгі таңда HYUNDAI Дилерлік желісі Қазақстанның 21 қаласында орналасқан және оған 29 ресми Дилер кіреді.
HYUNDAI Ресми дилерлері автомобильдерді, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сатудан бастап, HYUNDAI автомобильдеріне кепілдік және сервистік қызмет көрсетуге дейін барлық қызметтерді ұсынады. Әрбір HYUNDAI ресми Дилері соңғы стандарттар бойынша ресімделген Дилерлік орталыққа, оқытылған және білікті персоналға, құрал-сайман мен арнайы жабдыққа ие және ерекше қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланады. Осының барлығы HYUNDAI MOTOR COMPANY ең жоғары халықаралық Стандарттары бойынша біздің клиенттерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Біздің мақсатымыз - әр адам Қазақстан Республикасының кез келген қаласы мен нүктесінде өз HYUNDAI автомобилін ресми Дилерден сатып алу және қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болу. Осыған байланысты «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС Дилерлік желіні одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр және келесі қалаларда HYUNDAI ресми Дилері мәртебесін алуға конкурс жариялайды:
• Қонаев (3S) – Өтінімдерді қабылдау.
Қазақстан Республикасындағы Hyundai 3S ресми Дилері өз қаласы мен облысының аумағында Hyundai ресми өкілі мәртебесіне ие және өз қызметін мынадай бағыттар бойынша жүргізеді:
1. Sales – автомобильдерді сату.
2. Service – автомобильдерге сервистік қызмет көрсету және жөндеу.
3. Spare part – қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату.
Байқауға қатысу үшін тиісті Өтінім беру қажет.
Ол үшін «HYUNDAI ДИЛЕРІ АТАНУҒА ҮМІТКЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ САУАЛНАМА» файлын жүктеп, тиісті деректерді толтырып, файлды dep@hyundai.kz электрондық поштасы арқылы жіберу керек.